slogan figure
figure Тұрақты әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылы бастау алды. Атырау және Маңғыстау облыстарының мыңдаған тұрғындары олардың бенефициарларына айналды. Олардың ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер, зейнеткерлер, аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар, бір сөзбен айтқанда, көмекке және қолдауға аса мұқтаж адамдар.
bg-video
bg-video
ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
i-1 Қоғамның игілігі мен ТШО-ның пайдасы үшін азаматтар мен ұйымдардың әлеуетін көтеру
i-1 Оқыту, машықтандыру және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсету
i-1 Салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға атсалысу
i-1 Экологиялық сауаттылық және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау
ЖОБАЛАР
atyrau
Орталық Азияның Еуразия қоры - “Жарқыра”

“Жарқыра” әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Атырау қаласы мен облыс жұртшылығының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын тұрақты кәсіпкерлік шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды қолдау.

Орталық Азияның Еуразия қоры - “Қоғамдық кеңістіктер”

Атырау облысының Жылыой ауданында өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті қауымдастықтардың әлеуетін арттыру.

"Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігі

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "ДОС" алғашқы тренингтік орталығын құру арқылы "ҚОЛТАНБА" шеберханасы жобасын күшейту.

“Ынтымақ Атырау” ҮЕҰ

Жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік капиталын арттыру; әлеуметтік, қайырымдылық және білім беру жобаларын іске асыру; ТШО еріктілерін тарту арқылы Атырау облысының балалар үйлері мен оқу орындарында білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру; ТШО қызметкерлерін ынталандыру.

Қазақстан отбасылық дәрігерлер ассоциациясы (ҚОДА)

Атырау облысындағы көшбасшы ретінде инновациялық, дифференциалданған және науқасқа бағдарланған тәжірибе жасау арқылы Жылыой ауданы денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

“Адамдар - Адамдарға”, Инк. Денсаулық сақтау қоры / ХОУП жобасы

Атырау қаласы мен Атырау облысының Жылыой ауданында балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез (ТБ) профилактикасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

"Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы" ЖҚҰ

Ата-ананың психолог-біліктілігін және қоғамның болашақ кәсіби мамандарының әлеуетін арттыру.

“БолашақК” қоғамдық қоры

Медициналық оңалту қызметтерін көрсету әлеуетін, олардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру

"Атырау. Шағын ел" қоғамдық бірлестігі

Қоғамдық бірлестік қызметкерлерін иппотерапия сеанстарын өткізу үшін жабдықтар мен амуницияларды іріктеу; берейтор, ат өсіруші, нұсқаушы ретінде емдеу сеанстарын жүргізу дағдыларына оқыту; бенефициарлар үшін иппотерапия сеанстарын өткізу.

Академик З. Қабдолов атындағы жеке меншік қор

Инновациялық технологиялардың көмегімен қазақ тілін танымал ету және үйрету үшін аудиторияны ұлғайту. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша тиімді және сынақтан өткен технологияларды іске асыру.

aktau
“Ақбөбек” ҮЕҰ

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің дағдыларын арттыру.

“Ұрпақ Next” қоғамдық қоры

Ақтау қаласы мен Боранқұл, Баутино және Құрық ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған әлеуметтік жоба.

"Шаңырақ" қоғамдық қоры

Қолөнер, STEM, арт терапияны дамыту, құм терапиясы үйірмелерінде балалардың денсаулығын жақсарту және ұсақ моториканы дамыту, мұғалімдердің білімін жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын "Періште" орталығында қолөнерге үйрету.

"Жастар Жетістіктері" қоғамдық қоры

Ақтау қаласы, Баутино, Боранқұл және Құрық ауылдары әйелдерінің үй бизнесі дағдыларын дамыту, сондай-ақ көшбасшылық дағдылары мен ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру.

Орталық Азияның Еуразия Қоры - “Жарқыра”

Баутино, Боранқұл және Форт- Шевченко жергілікті халқымен бірлесу арқылы қоғамдық орындарды жайластыру.

Орталық Азияның Еуразия Қоры- “Қоғамдық кеңістіктер”

Баутино, Боранқұл және Форт- Шевченко жергілікті халқымен бірлесу арқылы қоғамдық орындарды жайластыру.

Британ кеңесі

Ақтау, Құрық, Баутино және Боранқұл елді мекендерінде ағылшын тілі және жалпы пәндер мұғалімдерінің әлеуетін дамыту.

Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы (ҚОДА)

Маңғыстау облысында медициналық көмек көрсетудің сапасы мен жағдайларын жақсарту, өз денсаулығын сақтауға халықтың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

bg-video
"Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы" ЖҚҰ
"Атыраудың Болашақ кәсіпқойлары" жобасы аясында психологтар мен педагогтар мектеп түлектеріне мамандық таңдау және психология тақырыбында кеңестер берді. Оқушылар өздерінің әлеуетін және психоэмоционалды жағдайын түсіну дағдыларын қалыптастырды.
"Атырау. Шағын ел" ҚБ - “Шағын ел” әлеуметтік ауылы
"Шағын ел" - бұл шығармашылық шеберханасы мен білім беру сыныптары бар әлеуметтік ауыл. Жоба аясында қызметкерлер үшін иппотерапия бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
Орталық Азияның Еуразия Қоры - “Қоғамдық кеңістіктер”
"Қоғамдық кеңістіктер" жобасының нәтижесі шағын ауылдардағы аллеялар, балалар алаңдары, саябақтар болып табылады. Белсенді жергілікті тұрғындар өздері туып-өскен аудандардың инфрақұрылымын жақсарту үшін көп еңбек етті.
“Ынтымақ Атырау” ҮЕҰ - Ынтымақ
"Ынтымақ" қоғамдастығының еріктілері Атырау облысының жастарына арналған ағылшын тілі сабақтарын, қонақ дәрістерін және көптеген курстарды ұйымдастырумен айналысты. Жобаның бенефициарлары арасында балалар үйінің, бейімдеу орталығының жасөспірімдері, Атырау және Құлсары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қарттар үйінің қариялары бар.
Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы
COVID-19 пандемиясына байланысты карантин кезінде Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы ТШО-ның қолдауымен әлеуметтік желілерде халыққа онлайн-консультациялар ұйымдастырды. Ассоциация қызметкерлері ең маңызды тақырыптарға видео түсіріп, посттар жазып, сұрақтарға жауап берді.
“Адамдар - Адамдарға”, Инк. Денсаулық сақтау қоры / ХОУП жобасы
"Адамдар — адамдарға" денсаулық сақтау қоры туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді. Жобаның негізгі бағыттары кадрларды оқыту, мектеп оқушыларын ақпараттандыру, БАҚ-та материалдар жариялау болды.
Орталық Азияның Еуразия Қоры - “Жарқыра”
«Теңізшевройл» бес жыл бойы "Жарқыра" әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасын қолдап келеді. "Жарқыра" бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың барлық жағын қарастырады: өтінімдерді іріктеу, оқыту, жобалар байқауы, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік.
“Мүгедек әлемі” ҚБ - “Қолтаңба” шеберханасы
2020 жылы жобаның негізгі міндеті Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіруге және олардың еңбек дағдыларын дамытуға көмектесетін алғашқы "ДОС" тренингтік орталығын құру болды.
“БолашақК” қоғамдық қоры
"Болашақ" ҚҚ медициналық оңалту бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау білім беру орталығын ашты. Осының арқасында мамандарды заманауи әдістемелерге үйрету арқылы тұрғындар үшін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға қол жеткізілді.
З.Қабдолов атындағы жеке меншік қор - «Q@Z@QSH@ S@IR@!»
«Q@Z@QSH@ S@IR@!" - жаңа технологиялардың көмегімен қазақ тілін үйренуді дәріптеуге арналған онлайн жоба. Бенефициарларды Абай шығармаларымен таныстыру және “Қазақша Сайра!” сайтын толықтыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды.
"Ұрпақ Next" қоғамдық қоры - Ақтау қаласы мен Боранқұл, Баутино және Құрық ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған әлеуметтік жоба
"Ұрпақ Next" ҚҚ мүмкіндігі шектеулі әйелдерге тігін шеберлігі, кәдесый және кондитерлік өнімдер дайындау саласында сабақтар ұйымдастырды. Сондай-ақ, бенефициарлар бизнесті жүргізу және өз кәсіпорнын құру негіздері бойынша білім алды.
"Ақбөбек" ҮЕҰ -Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің дағдыларын арттыру
Ұйым гинеколог-дәрігерлерді жасөспірімдердің клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретті, сондай-ақ мектептерде жұмыс істейтін медбикелерді оқыту бағдарламасын іске асырды.
"Жастар Жетістіктері" қоғамдық қоры - Әйелдерге арналған үйдегі бизнес
Жоба Ақтау қаласы, Баутино, Боранқұл және Құрық ауылдарының әйелдеріне шағын бизнесті үйде жүргізу дағдыларын үйренуге және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Британ кеңесі - Ағылшын тілі жетістік үшін
Жоба барысында мұғалімдер пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту мен ғылыми терминологияны ағылшын тілінде оқытуда тәжірибе жинақтады.
Орталық Азияның Еуразия Қоры - "Қоғамдық кеңістіктер"
"Қоғамдық кеңістіктер" жобасының нәтижесі шағын ауылдардағы аллеялар, балалар алаңдары, саябақтар болып табылады. Белсенді жергілікті тұрғындар өздері туып-өскен аудандардың инфрақұрылымын жақсарту үшін көп еңбек етті.
Орталық Азияның Еуразия Қоры - "Жарқыра"
"Жарқыра" бағдарламасы әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудың барлық жағын қарастырады: өтінімдерді іріктеу, оқыту, жобалар байқауы, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік.
Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы
COVID-19 пандемиясына байланысты карантин кезінде Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы ТШО-ның қолдауымен әлеуметтік желілерде халыққа онлайн-консультациялар ұйымдастырды. Ассоциация қызметкерлері ең маңызды тақырыптарға видео түсіріп, посттар жазып, сұрақтарға жауап берді.
"Шаңырақ" қоғамдық қоры - Бала болашағы біздің қолымызда!
"Шаңырақ" ҚҚ "Періште" оңалту орталығында қолөнер, STEM, арт-терапия, денсаулықты жақсарту және балалардың ұсақ моторикасын дамыту бойынша жұмыс жүргізді.
right
left
bg-video
БАҒДАРЛАМА

14:00 - 14:55

Қонақтарды қарсы алу, жобалар көрмесі

15:00 – 15:10

Ашылу салтанаты

15:10 – 16:00

ҮЕҰ 2020 ж. әлеуметтік жобаларды таныстыруы

16:00 – 16:15

ӘИБ серіктестерін марапаттау рәсімі

16:15 – 16:25

Жиналыстың аяқталуы

14:00 - 14:55

Қонақтарды қарсы алу, жобалар көрмесі

15:00 – 15:10

Ашылу салтанаты

15:10 – 15:50

ҮЕҰ 2020 ж. әлеуметтік жобаларды таныстыруы

15:50 – 16:05

ӘИБ серіктестерін марапаттау рәсімі

16:05 – 16:15

Жиналыстың аяқталуы